«Денесін өртеп, шатырға лақтырған»: Алматыда әскерилерді қандай жауыздықпен өлтірген?

Автор: Кенжекей Тоқтамұрат

Бас прокуратураның өкілі қаңтар оқиғасы кезінде әскерилерді аяусыз өлтіргендердің әрекеттерін әшкере етті

Фото ашық дереккөзден

Қаңтар оқиғасы кезінде бүлікшілер әскерилер мен әртүрлі орган қызметкерлерін аса жауыздықпен өлтірген. Бұл туралы бүгін Бас Прокуратура 1-қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мәселен, подполковник Сәндібек Қайыровтың өлімі. Бас прокуратура өкіліне сенсек, оның мәйіті Алматы әкімдігінің шатырынан табылған.

«Қолында қаруы жоқ подполковник Қайыровты аса жауыздықпен өлтірген. Ол Алматы әкімдігінің ғимаратын күзетіп тұрған еді. Оның мәйіті ғимараттың шатырынан табылды. Қызметкерлер іздерін жасыру үшін оның денесін өртеп жіберген», - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін хабарлағынымыздай, қаңтар оқиғасы кезінде шеруге қосылудан бас тартқан алматылықты өртеп жіберген.