Сақтандырылмаған малға өтемақы төленбейді
Қазақстанның бірнеше аймағында су тасып, мал қырылып жатыр. Олардың өтемақы мәселесі қалай болады? Бұл сұраққа Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қырылған мал саны әзірге белгісіз. Жергілікті атқарушы билікпен бірге анықтаймыз. Мәліметтерді алдағы аптада хабарлаймыз. Ал олардың өтемақысына келсек, заңда қарастырылмағандықтан сақтандырылмаған малға өтемақы төленбейді», - деді министр.