Кейбір снарядтарды арнайы жабдықталған алаңға шығарып жарып жіберу көзделген
Жауынгерлер Жамбыл облысындағы әскери қоймада қалып қойған қауіпті оқ-дәрінің көзін жояды. Қорғаныс министрлігі бұл үшін әлгі қойма аумағына арнайы пештердің орнатылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кейбір снарядтарды арнайы жабдықталған алаңға шығарып жарып жіберу көзделген. Министрлік өкілдері сол маңдағы елді мекен тұрғындарына еш қауіп төнбейді деп сендірді. Ең жақын ауылдың өзі бір жарым шақырым қашықтықта орналасқан дейді. Сондықтан бұқараның алаңдауына еш негіз жоқ дейді. Оқдәріні ашық алаңда жою жұмыстары басталған кезде тұрғындарды хабардар етпек.
Айта кетейік, былтыр тамыз айында Жамбыл облысындағы әскери қойма жарылған еді. Апаттан 17 адам қаза тапқан. Тағы бір адам сол күйі із-түзсіз жоғалып кетті.