$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алдағы 5-10 жылда Қазақстан жарықтан да, жылудан да қағылуы мүмкін

Өйткені елдегі жылу желілерінің 90 пайызы тозған

Алдағы 5-10 жылда Қазақстан жарықтан да, жылудан да қағылуы мүмкін
Фото ашық дереккөзден

Алдағы 5-10 жылда Қазақстан жарықтан да, жылудан да қағылып қалуы әбден мүмкін. Мұны  Электроэнергетикалық қауымдастық төрағасы да жоққа шығармайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Талғат Темірхановтың айтуынша, елде 62 жылу электр орталығы бар. Солардың 90 проценті тозған. Бұл проблеманы сарапшылар бұрыннан қозғап келе жатқандарын айтады. Бірақ ешбір құзырлы орган оларға құлақ аспапты. Салдарын көріп те үлгірдік дейді. Петропавлдағы апатты мысал етті. Сосын Қазақстанда энергия тапшылығы қазірден сезіліп тұрғанын жеткізді. Егер жауаптылар осы мәселені дереу шешпесе, жағдайы жылдан жылға қиындай бермек. Энергетиктер салада қордаланып қалған мәселелерді түгел тізіп, Президенттің атына хат жолдады.

«Біздегі жылу желілерінің 90 проценті 60, 70-жылдары жүргізілген. Қазір солар шетінен шіріп, тозып жатыр. Жыл сайын осы желілердің істен шығып, апат болғанын естіп жатамыз. Бұған бей-жай қарайтын болсақ, алдағы 5-10 жылда Қазақстан жылудан да, жарықтан да қағылып қалады. Қайғылы оқиғалар да болуы мүмкін. Біз оны таяуда ғана Петропавлда болған оқиға кезінде көрдік», - дейді Қазақстан электроэнергетикалық қауымдастығының төрағасы Талғат Темірханов.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#жылу қазандығы