Қосшыда саунаға демалуға барған ер адам мекеме директорын соққыға жықты

Автор: Azattyq Rýhy

ҚР ҚК 293-бабы 1-бөлігі бойынша соталды тергеу жүріп жатыр

Ақмола облыстық ІІД

Қосшыда саунаға демалуға барған ер адам мекеме директорын соққыға жықты. Оқиға әуелі әлеуметтік желі арқылы тарады. Одан кейін бұл ақпарат туралы Ақмола облыстық ПД мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Белгілі болғандай, 2 сәуірде шамамен сағат 07.30-да мекеменің басқарушы директоры, Косшының 31 жастағы тұрғыны, клиенттер шотты неге төлемегенін анықтау үшін екі ер адамға барады, содан олардың біреуі әйелді ұрып жібереді, ол құлайды. Кейін төбелесе кетеді. 

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер Қосшының 44 жастағы тұрғыны мен 36 және 37 жастағы елордалықты анықтады.

"Қанында алкоголь бар-жоғын куәландыру кезінде 44 жастағы және 36 жастағы ер адам жеңіл және орташа дәрежеде мас екені анықталды. Олар Нұр-Сұлтан қаласының медициналық айықтырғышына қамалды. Саунадағы әйелді жаралаған күдікті 37 жастағы ер адам Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес ұсталып, Целиноград аудандық ПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. ҚР ҚК 293-бабы 1-бөлігі бойынша соталды тергеу жүріп жатыр", - деп хабарлады полиция өкілдері.