Елордада митинг өтіп жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

Митинг қала әкімдігімен келісілген

zakon.kz

Елордада әлеуметтік желілер мен мессенджерлердің қызметін реттеу бойынша заң жобасына қарсы митинг өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Митингке цифрлық құқықтар саласындағы заңгерлер, журналистер, кәсіпкерлер, қоғам қайраткерлері мен блогерлер келді. Қатысушылар жиынның негізгі идеясын қолдайтынын және Қазақстанды әлемдік контенттен шеттетуге болмайтынын мәлімдеді.

Митинг қала әкімдігінің келісімімен өткізілуде. Жиынға 100-ге жуық адам қатысты.

Айта кетейік, бұған дейін депутаттар Айдос Сарым мен Динара Закиева Қазақстанда өз өкілдігін ашпаған шетелдің әлеуметтік желілері мен мессенджерлерінің жұмысын шектеу туралы нормаларды енгізуді ұсынған болатын. Депутаттардың пікірінше, соның арқасында кибербуллингпен күресіп, балаларды қорғауға мүмкіндік туады.