Қазақстанда өткен тәулікте 16 адамнан коронавирус анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Елімізде КВИ инфекциясын жұқтырғандардың тәуліктік көрсеткіші айтарлықтай төмендеді

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда өткен тәулікте 16 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайты хабарлады.

Аймақтар бойынша: 

Нұр-Сұлтан қаласы - 2 
Алматы қаласы - 7 
Алматы облысы - 1 
Шығыс Қазақстан облысы - 3 
Қарағанды облысы - 1 
Қостанай облысы - 1 
Солтүстік Қазақстан облысы - 1 

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны - 1305151.