«Жас маман» жобасы аясында 100 колледж заманауи құрылғылармен жабдықталған
«Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы бойынша барлығы 15 көрсеткішті орындау көзделген, оның ішінде былтыр 11 көрсеткіштің ішінде 10-ы яғни, 91%-ы орындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Ұлттық жобаны іске асыру бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың қолжетімділігін, сапасын қамтамасыз ету көзделген. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінде мектепке дейінгі ұйымдар желісі жыл сайын артып келеді, 2021 жылы 10 871 бірлікті (2020 ж. – 10 650 бірлік), балалар контингенті – 922 400 адамды (885 033 адам) құрады. Оның ішінде 3-6 жастағы балаларды қамту 99%-ды (2020 ж. - 98,7%) және 2-6 жастағы балаларды қамту – 88,4%-ды (2020 ж. – 77,2%) құрайды. Сонымен қатар, 2025 жылға қарай 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды 95%-ға дейін және 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды 100%-ға дейін қамтуды қамтамасыз ету жоспарлануда.
Екінші міндет, орта білім беру сапасын арттыру. Қазақстанның өңірлері, қалалық және ауылдық мектептері (PISA) арасындағы оқыту сапасындағы алшақтықты қысқарту. Осы міндетті орындау шеңберінде қала және ауыл мектептері арасында, өңірлер арасында, әртүрлі тілде оқытатын мектептер арасында оқыту сапасын теңестіру бойынша кешенді шаралар қабылдануда. Білімді қалпына келтіру бағдарламалары іске асырылады және осал мектептерді қолдау мен дамыту жүйесі енгізіледі. Әсіресе ауылдық жерлерде педагогтер тапшылығы мәселесін шешу бойынша шаралар қабылдануда.
Әлеуметтік қолдау шараларымен 4 облысқа (Атырау, Маңғыстау, Алматы, Түркістан) үздік педагогтерді тарту үшін арнайы бағдарлама әзірлеу бойынша жұмыс басталды. Бұл ретте, жалақының 2 есе арттыру коэффициентін белгілеу, тұрғын үй төлемін ұсыну немесе өтемақы төлеу, коммуналдық қызметтер ақысын өтеу көзделген. Ауылдық жерлерде тұратын дарынды балаларды анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде. «Ел Үміті» бастамасын іске асыру шеңберінде ауыл оқушыларына арналған «Мың бала» олимпиадасы өткізілді. 2021 жылы олимпиадаға қатысу үшін ауыл мектептерінің 5 және 6-сынып оқушыларының жалпы санынан (300 мың адам) 150 мың (50%) өтінім берілді. Пікірсайыс қозғалыстары мен өзін-өзі басқару іс-шаралары жандандырылуда, бұл сыни және талдамалық ойлау дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, мектептерді жайлы, қауіпсіз және заманауи білім беру ортасымен қамтамасыз ету мәселесінің маңызы зор. Тапшылықты қысқарту және бір-екі ауысымды мектептерге көшу үшін 2025 жылға қарай 1000 мектеп салу жоспарланған. Нәтижесінде үш ауысымды мектептерді жою және апатты мектептер үлесін 0,1%-ға дейін қысқарту күтілуде. Былтыр барлығы 277 жаңа мектеп іске қосылды. 2022 жылы 225 мектептің құрылысы жоспарланған. 2021 жылдың қорытындысы бойынша шағын қалаларда, аудан орталықтары мен ауылдарда 1015 мектеп жаңғыртылды. Бұл – балалар үшін қауіпсіз және жайлы жағдайды, жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету, мектеп жиһаздарын жаңарту, мектеп кітапханалары мен асханаларын жаңғырту, күрделі және кешенді ағымдағы жөндеу жүргізуге мүмкіндік береді. Мектептердің 65,8%-ы пәндік кабинеттермен жабдықталған.
Төртінші міндет, қолжетімді және сапалы техникалық және кәсіптік біліммен қамтамасыз ету. ТжКБ жүйесінде 2021 жылы жастардың 66,5%-ы қажетті мамандықтар бойынша тегін техникалық және кәсіптік біліммен қамтамасыз етілген. Жыл сайын ТжКБ бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік тапсырыс көлемі артып келеді, мысалы, 9-сынып түлектері үшін 31%-ға, егер 2019 жылы 57,1 мың орын бөлінсе, 2021 жылы 74,9 мың орын бөлінген.
«Жас маман» жобасы аясында 100 колледж заманауи құрылғылармен жабдықталған. Жоба аясында барлығы 180 колледж жабдықталды.
Колледждерде өз салаларында кадрларды озыңқы даярлау үшін құзырет орталықтарына көшу мақсатында кадрлар даярлаудың халықаралық тәжірибесі енгізілуде. 2025 жылға қарай олардың базасында 20 құзыреттілік орталығын құру жоспарлануда.
Жұмысшы кадрларды даярлау жүйесін дамыту және техникалық және технологиялық бейіндегі 360 колледж үшін қолданбалы біліктіліктерді қалыптастыру үшін біліктілік емтиханының нысаны ретінде WorldSkills талаптары бойынша демонстрациялық емтиханды енгізу стратегиясы әзірленді.
Бесінші міндет - қазақстандық ЖОО-ның бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
Жоғары білім беру жүйесінде азаматтық емес 106 ЖОО-ның 32-і (30%) ЖОО-да бірлескен білім беру бағдарламалары мен қос дипломды бағдарламалар іске асырылуда. 2021 жылы республиканың 17 өңірінің 200 білім беру ұйымында 6 702 оқушыны қамти отырып, PISA-based Test for Schools апробациялық зерттеуі жүргізілді. Бұл зерттеудің мақсаты - жекелеген мектептер деңгейінде сыртқы бағалау жүргізу. PISA-based test for schools тестінің қорытындысы бойынша әрбір мектеп PISA негізгі зерттеуіне қатысқан еліміздің және әлемнің басқа мектептерімен салыстырғанда 15 жастағы мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылық деңгейі туралы жеке талдамалық есеп алады.
Әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балалар үшін «Цифрлық мұғалім» жобасын іске асыру көзделген. «Цифрлық мұғалім» жобасын іске асыру бойынша Жол картасының жобасы әзірленді, білім беру саласындағы ақпараттық платформалар зерделенді («Ақпараттық технологиялық орталық» ҚҚ, «Күнделік (Kundelik)» ЖШС, ISEN). Жаппай оқыту қоры шеңберінде қосымша қажеттілікті айқындау мақсатында ЖАО «Цифрлық мұғалім» жобасын іске асыру негіздемелерімен қаржылық-экономикалық есептеулер рәсімін жүргізеді.