7 облыста бораннан 8 адам зардап шекті – Ильин

Автор: Еркежан Айтказина

Зардап шеккендердің 4-еуі ауруханаға жатқызылды

Фото ашық дереккөзден

Биыл 29-30 наурыз күндері республиканың 7 облысы мен 2 қаласында екпінді желдің салдарынан ауа райы нашарлап, түрлі нысандарда (білім, денсаулық сақтау) 297 шатыр жабынының бұзылуы тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен жиында Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлімдеді.

«Оқиға салдарынан 8 адам, оның ішінде 3 бала зардап шекті. Зардап шеккендердің 4-еуі ауруханаға жатқызылды, қалғандары тексеруден өтіп, үйлеріне жіберілді. 8 облыстың 289 елді мекенінде апат салдарынан электр жарығы өшіп қалды», - дейді министр.

Оның айтуынша, соңғы мәліметке сәйкес 275 елді мекенде электрмен жабдықтау қалпына келтірілді, ал республиканың 3 облысындағы 14 елді мекенде 12 709 абонент әлі де қосылған жоқ.