Сол сияқты 1 млн 650 мың жалдамалы жұмыскердің табысы өсті
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Біржанов келесі жылы жалақысы өсетін мамандар туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Президенттің тапсырмасы бойынша 2020 жылдан бастап педагогтердің, 2021 жылдан бастап медициналық және әлеуметтік қызметкерлердің жалақысын кезең – кезеңімен арттыру басталды, нәтижесінде 2023 жылға қарай олардың жалақысы екі есеге артады. Ал 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап ЕТЖ мөлшері 41%-ға, яғни 42 500-ден 60 000 теңгеге дейін ұлғайды, бұл шамамен 1 млн 650 мың жалдамалы жұмыскердің табысының өсуіне алып келді», - деді Ержан Біржанов.