Бір адам іздестіріліп жатыр
Индонезияда су тасқынынан көпір құлап, 9 адам қаза тапты, тағы бір адам іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі The New York Times басылымына сілтеме жасап.
Төтенше жағдай Индонезияның Суматра аралында болған. Зардап шеккендерді құтқару жұмыстарына жүздеген маман жұмылдырылған.
Жергілікті төтенше жағдайлар қызметінің хабарлауынша, апаттан 17 адам зардап шеккен.