Бұрқасын, көктайғақ: елордада алдағы екі күнге арналған ауа райы

Автор: Azattyq Rýhy

Ертең 31 наурызда жауын-шашын болмайды

Фото: елорда әкімдігі

Елордада бұрқасын, көктайғақ және екпінді жел болады. Бұл туралы Azattyq Rýhy қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Синоптиктердің мәліметінше, бүгін 30 наурызда көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр, қар жауады, боран соғып, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 25 м/с жетеді.

Ертең 31 наурызда жауын-шашын болмайды. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с жетеді, ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 2-4 градус жылы болады.

Синоптиктердің болжамынша, 1 сәуірде көшпелі бұлт шығады, оңтүстік-батыстан басталатын жел оңтүстік-шығысқа ұласып, 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады, ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 2-4 градус жылы болады.