Астанада эпидемиологиялық ахуалдың жақсаруына байланысты СОО-лардағы екпе пунктері жабылды

Azattyq Rýhy

Елордада вакцинация пунктері қай жерде орналасқан?

Фото ашық дереккөзден

Эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына байланысты СОО/СҮ жанындағы екпе пунктерінің бір бөлігі қызметін тоқтатты. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Қазіргі уақытта вакцинация пунктері «Абу Даби Плаза» СОО-да және «Нұрлы жол» ТЖ вокзалында (жаңа вокзал), сондай-ақ 26 медициналық ұйымда (емхана) орналасқан.

Елорданың денсаулық сақтау басқармасы қала тұрғындарының ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға қосқан үлесін, сондай-ақ азаматтарды иммундау жұмыстарының маңыздылығын атап өтті. Коммерциялық орындарда 160 мыңнан астам қала тұрғыны екпе алды.

Естеріңізге сала кетейік, вакцинация және ревакцинация ғана сіздің денсаулығыңызды да, жақындарыңыз бен айналаңыздағы адамдардың да денсаулығын қорғауға мүмкіндік береді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.