Жаңа бапкер жақында Қанат Исламмен қош айтысқан Багаудин Бековтың орнына келді
Орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Қанат Ислам (27-0, 21 КО) отандық бапкер Нұрғали Сафиуллинмен жаттыға бастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Бокстан Қазақстан құрамасының бұрынғы аға бапкері жақында Қанат Исламмен қош айтысқан Багаудин Бековтың орнына келді. Беков 2019 жылы Қанат Исламды екі жекпе-жекке жаттықтырған. Кейін боксшы қолын жарақаттап, жыл соңында қайтадан жаттыға бастады.
Айта кетейік, Ислам бұрын да Сафиуллиннің қол астында жаттыққан. Ол қазақстандық маман Мырзағали Айтжанов, Мұхтархан Ділдәбеков, Нұржан Сманов, сондай-ақ, жартылай ауыр және бірінші ауыр салмақта WBA чемпионы Бейбіт Шүменов (18-2, 12 КО) сияқты бірнеше отандық бокс жұлдыздарын дайындаған.