Қазақстанның барлық өңірі «жасыл» аймақта

Автор: Azattyq Rýhy

Аймақтардағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды

Фото: ашық дереккөзден

28 наурыздағы жағдай бойынша коронавирусқа қатысты Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлады Azattyq Ruhy. 

Оған сәйкес, еліміздің барлық өңірі «жасыл» аймақта орналасқан: 

Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Түркістан облыстары.