COVID-19 вирусын жұқтырған 37 адам ауыр жағдайда жатыр
Денсаулық сақтау министрлігі 2022 жылдың 26 наурыздағы коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметіне сілтеме жасап.
Өткен тәулікте COVID-19 вирусынан 1 адам қайтыс болды.
26 наурыздағы мәлімет бойынша, 4 622 адам коронавирус инфекциясынан (–3 602+ және 1 020 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 516 пациент стационарда, 4 106 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 37 адамның жағдайы ауыр,
- 18 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 7 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Сондай-ақ COVID-19 пневмониясына қатысты ақпаратқа сүйенсек, 24 наурыздағы мәлімет бойынша 18 жаңа жағдай тіркелді, 9 адам емделіп шықты, өлім жағдайы тіркелген жоқ.
Жалпы, 2020 жылдың 13 наурыздан бастап:
- науқастар саны – 88 581;
- өлім жағдайы – 5 351;
- жазылып шықты – 82 210.