ШҚО-да баласына алимент төлемеген 70-тен астам адам анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Алимент бойынша қарызды өндіріп алу үшін материалдар жеке сот орындаушысына берілді

Фото ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстан облысында биыл баласына алимент төлемеген 70-тен астам адам анықталды. Бұл туралы ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 «Мәселен, Шемонаиха аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметіне өзінің кәмелеттік жасқа толмаған баласына 700 000 теңгеден астам қарызы бар 31 жастағы ер адамды іздестіру туралы жеке сот орындаушысының қаулысы түсті. Іздестіру шаралары кезінде көші-қон қызметінің мамандары оның қайда екенін анықтады», - делінген ақпаратта.

Тұрақты жұмысы болмаған азамат екі жылдай уақыт баласына алимент төлемеген. Алимент бойынша қарызды өндіріп алу үшін материал жеке сот орындуашысына берілді.