2035 жылға қарай электр энергиясын өндіруде көмірдің үлесі 40%-ға дейін төмендейді – Энергетика министрі

Автор: Azattyq Rýhy

Ведомство басшысы цифрлық майнинг субъектілерін анықтау аясында министрлік бірқатар ұсыныстар әзірлегенін мәлімдеді

Фото: ашық дереккөзден

2021 жылдың қорытындысы бойынша электр энергиясын өндіру көлемі 114,4 млрд кВтс құрады. Қазіргі уақытта сандық цифрлық майнинг субъектілерін анықтау бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Болат Ақшолақов БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен брифинг барысындай баяндады.

Ведомство басшысы цифрлық майнинг субъектілерін анықтау аясында министрлік бірқатар ұсыныстар әзірлегенін мәлімдеді.

Олар:

  • 1) цифрлық майнинг қызметін лицензиялауды енгізу; 
  • 2) цифрлық майнинг субъектілерінің электр энергиясын тұтынуына квоталарды айқындау;
  • 3) жаңа майнерлер үшін қуаттарды қосуға мораторий енгізу;
  • 4) цифрлық майнинг субъектілерін жаңартылатын энергия көздерінен және импорттан электр энергиясын тұтынуға ауыстыру.

Сонымен қатар, министр Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Энергобаланс әзірленгенін атап өтті. Оған сәйкес 2035 жылға қарай электр энергиясын тұтыну шамамен 153 млрд кВтс құрайтын болады. 

«Бұл ретте бүгінде бірқатар объективті себептер бойынша қолданыстағы энергия көздерін өндіру төмендейді және 89 млрд.кВтсағ-тан кем болады. Болжамға сәйкес, электр энергиясын өндіру құрылымында 2035 жылға қарай көмірдің үлесі 40%-ға дейін төмендейді, ал ЖЭК үлесі 23%-ға дейін артады. Газ генерациясы электр энергиясының жалпы өндірілуінің 18%-ын, ГЭС үлесі – 7%-ын, АЭС үлесі-электр энергиясының жалпы өндірілуінің 12%-ын алады», - деді Ақшолақов.