Петропавлда сотталғандар өтемақы қорына 1,2 млн теңгеден астам ақша берешек

Автор: Azattyq Rýhy

Мәжбүрлі төлемде өтемейтін сотталғандарға профилактикалық жұмыс жүргізіледі

Фото ашық дереккөзден

Петропавлда сотталғандар өтемақы қорына 1,2 млн теңгеден астам ақша берешек, деп хабарлайды Polisia.kz.

 “Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы” Заңды орындау үшін пробация қызметі бөлімі Солтүстік Қазақстан облысының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен бірлесіп жәбірленушілерге өтемақы қорына мәжбүрлі төлемдерді өндіріп алу бойынша жұмыс жүргізуде. СҚО бойынша ҚАЖД Петропавл қаласы ТЖЖ есебінде жыл басынан бастап сот үкіміне сәйкес жалпы сомасы 1 290 595 теңгеге жәбірленушілердің өтемақы қорына мәжбүрлі төлемі бар 24 сотталған тұр. Жалпы сомасы 460 605 теңгеге 9 сотталған жәбірленушілердің өтемақы қорына мәжбүрлі төлемді толық өтеген.

15 сотталғаннан жалпы төлемнің қалған сомасы 829 990 теңге, соның ішінде төрт сотталған 149 960 теңге соманы жәбірленушілердің өтемақы қорына мәжбүрлі төлемді жыл басынан бастап ішінара өтеген. Мәжбүрлі төлемде өтемейтін сотталғандарға профилактикалық жұмыс жүргізіледі. Жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшін жұмыспен қамту орталығына жіберіледі, инфрақұрылымдық жобалар бойынша бар бос орындармен танысты, егер сотталғандар сот үкімі бойынша тағайындалған мәжбүрлі төлемді мүлде өтемейтін болса, ҚР ҚК-нің 430-бабына (Сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін не атқарушылық құжатты орындамау) сәйкес жауапқа тартылатындығы түсіндірілді.