$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда мекеме ішінде маска тағып жүру талабы алынып тасталды

Сондай-ақ "Pfizer" препаратымен вакцинациялауға жататын тұлғалар контингенті кеңейтіледі

Қазақстанда мекеме ішінде маска тағып жүру талабы алынып тасталды
Фото ашық дереккөзден

Бүгін премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануын ескере отырып, Ведомствоаралық комиссия келесідей шешімдер қабылдады:

үй-жайларда міндетті маска кию талабын алып тастау;

медициналық мекемелерде (персонал, қызметкерлер, пациенттер, келушілер) медициналық маскаларды кию міндетін өз күшінде қалдыру;

адамдар көп жиналатын орындарда, қоғамдық көлікте, ұйымдасқан ұжымдарда маска киюді ұсынымдық сипатта қалдыру;

білім беру ұйымдарында оқытудың кабинеттік жүйесіне рұқсат беру.

Сондай-ақ ВАК шешімімен "Pfizer" препаратымен вакцинациялауға жататын тұлғалар контингенті кеңейтіледі, ол мынадай санаттармен толықтырылады:

бастапқы вакцинациялаудан өтетін, осы препаратпен профилактикалық егуді алғысы келетін адамдар;

түрлі себептермен шетелге шығу үшін қайталама екпе алушылар;

шетелде алған вакцинация курсын аяқтау үшін екпе алушы тұлғалар;

COVID-19 вирусына қарсы ревакцинация алушы барлық топтағы адамдар.

 

Серіктес жаңалықтары