Қазақстаннан дәрі-дәрмек шығаруға уақытша тыйым салынуы мүмкін

Azattyq Rýhy

Радиофармацевтикалық препараттарға тыйым салынбайды

Фото ашық дереккөзден

Денсаулық сақтау министрлігі елден дәрі-дәрмек шығаруға уақытша тыйым салуды ұсынып отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұйрық жобасы 6 сәуірге дейін ашық құқықтық актілер порталында талқылау үшін орналастырылған.

Министрлік алты айға Қазақстан аумағынан кез келген нысандағы дәрілік заттарды, оның ішінде фармацевтикалық субстанцияларды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды, сондай-ақ оларды өндіруге арналған материалдар мен компоненттерді әкетуге тыйым салуды жоспарлап отыр.

«Тек жеке тапсырысы бойынша жеке пайдалануға арналған медициналық бұйымдар, халықаралық гуманитарлық көмек көрсету үшін жіберілген тауарлар, бөлшек сауда аясында жеке тұтыну үшін әкелінетін және сатып алынған тауарлар, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті медициналық сақтандыру шеңберінде алынған дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар, зерттеу және сынау үшін алынған үлгілер, пайдалану орны бойынша денсаулық сақтау ұйымдарында тікелей өндірілген радиофармацевтикалық препараттарға тыйым салынбайды», - деліген хабарламада.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.