Литва парламенті Георгий лентасы мен Z символын фашистік және коммунистік белгі деп бекітпекші

Оны пайдаланғаны үшін 300-ден 500 еуроға дейін айыппұл салынады

Литва Сеймінің мүшелері әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте георгий лентасы мен Z символын фашистік және коммунистік белгі деп мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Литвалық Delfi.lt сайтының хабарлауынша, георгий лентасы мен Z белгісін таратқаны үшін жиналыстарда және басқа да бұқаралық іс-шараларда немесе демонстрацияның кез келген басқа түрлерінде пайдаланғаны үшін 300-ден 500 еуроға дейін айыппұл салынады. Литва Сеймінің мүшелерінің айтуынша, бұл белгілер агрессия символына айналған.

«Үгіт-насихатқа ұшыраған ресейліктер көліктеріне Z суретін салып алады, бұл белгі ресейлік спортшылардың киімдерінде пайда болды, тіпті Путиннің үгіт-насихаттарын қолдамайтын адамдардың есіктерінде салынған. Z әрпі Белградтағы ресейшіл демонстрация кезінде де қолданылған, ал Литвада Ресейдің Украинаға басып кіруі басталғаннан кейін бұл белгі қабырғаларға сызыла бастады. Тұрғындарды мұндай белгілермен қорқытуға болмайды. Сол арқылы түрлі арандатушылықтарға жол берілуде», - дейді литвалық депутат Моника Ошмянскене.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.