24.03.2022, 13:33
Жаңалықтар
Павлодар облысында Ұлыстың ұлы күнінде егіздер дүниеге келді
Ұл мен қыз бала кесар тілігі арқылы өмірге келді
Фото: ашық дереккөзден
22 наурыз күні Павлодар облысында 17 нәресте дүниеге келген, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті.
"22 наурыз күні облыста 10 ұл, 7 қыз бала дүниеге келді. Алғашқы сәби сағат 00:00-де туылды. Бұл қыз баланың салмағы 3494 граммды құрайды. Сондай-ақ егіздер де дүниеге келді. Ұл мен қыз бала кесар тілігі арқылы туылды", - деді басқармада.
Еске салайық, 8 наурыз мерекесінде облыста 25 нәресте: 16 ұл, 9 қыз жарық дүние есігін ашқан болатын.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды