Тұман, жел: алдағы екі күнге арналған ауа райы болжамы

Автор: Azattyq Rýhy

Республиканың батыс өңірлері Солтүстік-Батыс антициклонның ықпалында болады

«Қазгидромет» РМК алдағы екі күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«23-24 наурызда республиканың батыс өңірлері Солтүстік-Батыс антициклонның ықпалында болады — бұл жерде ауа райы жауын-шашынсыз. Республика бойынша тұман және желдің күшеюі байқалады.

Еліміздің шығысында, солтүстігінде және орталығында түнгі температура 5-13-тен 10-18 градусқа дейін ауытқиды, күндіз термометр 0-8 градус аяздан аспайды, республиканың оңтүстік жартысында ауа температурасы түнде 0-8 градус, күндіз 2-10 градус жылы болады», - делінген синоптиктер хабарламасында.