Жігіттің туыстары оның аман-есен табылатынынан үмітті
Ақтау түбінде жоғалып кеткен 26 жастағы жігітті 16 күннен бері іздеп жатыр. Бұл туралы жергілікті lada.kz сайты жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Еламан Нұржановтың туыстарының айтуынша, олар әлі күнге дейін жігіттің аман-есен табылатынына үміттеніп отыр.
Еске сала кетсек, наурыз айының басында Еламан Нұржанов Мұнайлы ауданы Атамекен ауылында достарымен бірге көңілді отырыста болған. Кештен кейін ол ештеңе айтпастан белгісіз бағытта кетіп қалыпты, дейді туғандары. Жігіттің телефоны да, құжаттары да жоқ.
Нұржановтың бойы - 168-170 сантиметр, киген киімі – қара-сұр түсті жейде және қара түсті спорттық костюм.
Еламан Нұржановты көрген немесе қандай бір ақпарат білетін азаматтарды мына телефонға хабарласуды сұрайды: 8 (775)-157-50-17 немесе 102.