Ол ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жазаланады
Алматыда полицияның модульді пунктінде және қоғамдық көлік ішінде пранк жасаған жігіт екінші рет қамауға алынды. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Абдрахманов Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Рустам Абдрахмановтың айтуынша, пранк жасаған 1991 жылы туған К. есімді азамат ұсталып, Бостандық ауданының полиция басқармасына жеткізілген.
«Құқықбұзушы Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 434-бабы - ұсақ бұзақылық бойынша жазаланады. Айта кету керек, бұл азамат бұрын да жоғарыда аталған бап бойынша жауапкершілікке тартылып, жазасын өтеген»,- деді Рустам Абдрахманов.
Еске салсақ, бұған дейін алматылық пранк жасаушы метро мен сауда орталығында пранк жасағаны үшін 10 тәулікке қамауға алынған еді.