Павлодарда түтінге оранған аурухана ғимаратынан 27 бала эвакуацияланды

Автор: Azattyq Rýhy

Эвакуацияланғандардың ешбірі медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ

Фото ашық дереккөзден

Павлодарда балалар ауруханасы жанындағы құдықта қоқыс өртеніп, ғимараттың іші түтінге оранды. Қоқыс 19 наурызда кешкі сағат тоғыздар шамасында өртене бастады, Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 Өрттің жалпы аумағы 12 шаршы метр.

Аурухана ғимаратының бірінші қабаты түтінге толғандықтан науқастарды эвакуациялауға тура келді.

Аурухананың бес қабатты ғимаратынан көрші корпусқа өрт сөндірушілер 28 адамды, оның ішінде 27 баланы эвакуациялады.

Эвакуацияланғандардың ешқайсысы медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрт 21 сағат 20 минутта сөндірілді.