Оралда эскалатордан құлаған 9 айлық сәби көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Нәресте 13 наурыздан бері тыныс алу аппаратына қосулы болған

Фото ашық дереккөзден

Орал қаласында эскалатордан құлап кеткен тоғыз айлық сәби көз жұмды. Бұьл туралы БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті , деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 Басқарма мәліметінше, дәрігерлер жасаған шараларға қарамастан, сәби 19 наурыз күні есін жимастан қайтыс болды. Нәресте 13 наурыздан бері қалалық көпбейінді ауруханада жасанды тыныс алу аппаратына қосулы болды. Жағдайы өте ауыр болғандықтан, ота жасалған жоқ.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы оқиға бойынша барлық ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілмейді. Ақпарат тек жәбірленуші тараптың рұқсатымен жария етілуі мүмкін.