Елімізде 1,3 млн тонна азық-түлік қоры бар – Сауда министрлігі

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл халықтың қажеттілігін қамтамасыз ету үшін жеткілікті

Фото ашық дереккөзден

Бүгінгі таңда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында республикалық және өңірлік деңгейлерде шаралар қабылдануда. Қазір елімізде 1,3 млн тонна азық-түлік тауарларының қоры бар, бұл халықтың қажеттілігін қамтамасыз ету үшін жеткілікті. Бұл туралы Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Ерлан Баттақов Үкімет отырысында мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ал бағаның негізсіз өсуіне және алыпсатарлыққа жол бермеу үшін республикалық және жергілікті атқарушы органдар дүкендердің сауда үстемесін сақтауы бойынша тұрақты тексерулер жүргізеді.

«Бағаны тұрақтандыру құралдарын жетілдіру мақсатында біз жаңа тәсілдерді әзірлеудеміз. Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың сатып алу көлемін ұлғайтумен, үш бағыт бойынша тауарлар бөлінісінде азық-түлік сатып алуды ұсынамыз. Бірінші, ұзақ мерзімді сақтау тауарларын (күріш, қант, тұз және қарақұмық жармасы) біз тұрақтандыру қорларына жергілікті атқарушы органдардың тікелей және форвардтық сатып алу арқылы жүргізуді ұсынамыз. Екінші, «айналым тетігі» аясында көкөністерді, етті, сүт өнімдерін және күнбағыс майын сатып алу жүргізіледі. Үшінші, ұн, нан және рожкилер өндірісін арзандату үшін бидайды «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ арқылы сатып алу ұсынылады», - деді Ерлан Баттақов.

Бірінші вице-министрдің айтуынша, бұл тәсілдер халықты өніммен жеткілікті көлемде және қолжетімді бағамен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, тұрақтандыру қорларын есепке алатын болса, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алу үшін қаржыландырудың жалпы көлемі 140 млрд теңгеге дейін жеткізілетін болады.