Илья Жақанов пен Төрегелді Шарманов «Қазақстанның Еңбек Ері» атанды
Мемлекет басшысы бүгін тиісті Жарлыққа қол қойды

Жазушы Илья Жақанов пен ғалым Төрегелді Шарманов «Қазақстанның Еңбек Ері» атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы бүгін тиісті Жарлыққа қол қойды.
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы аса үздік жетістіктері үшін:
жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз тапсырылсын:Жақанов Илья – жазушы, Атырау қаласы.
2. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудағы аса үздік жетістіктері үшін:
жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын:Шарманов Төрегелді – Қазақ тағамтану академиясының президенті, Алматы қаласы.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", – делінген құжатта.