Астананың Солтүстік-Батыс айналма жолы тамыздың ортасына дейін жабылады

Автор: Azattyq Rýhy

Апатты жағдайға байланысты күрделі жөндеу жүргізіледі

Нұр-Сұлтан қаласының Солтүстік-Батыс айналма жолының 1,4 шақырымынан бастап 6 шақырымына дейінгі учаскесі жабылады. Бұл туралы Azattyq Rýhy «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Республикалық маңызы бар Р-10 Нұр-Сұлтан қаласының Солтүстік-Батыс айналма жолының 4 шақырымындағы апатты жағдайға байланысты аталмыш жолдың 1,4 шақырымынан бастап 6 шақырымына дейінгі телімі 25 наурыздан 15 тамызға дейін күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жабылмақ.

«Осы орайда Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола облысы тұрғындары мен қонақтарына, сондай ақ барлық транзиттік жүргізушілерге балама жолдың барын ескертеміз. Жеңіл көлік иелері қала ішімен, яғни Лесозавод елді мекені арқылы жүре алады, ал жүк көлік иелері үшін Шығыс айналма жолы бар», -  деп ескертеді компаниядан.

Туындаған барлық сұрақ бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 колл орталығына қоңырау шалуға болады.