Бұл Түмен облысындағы үшінші қазақ сыныбы
Түмен облысында үшінші қазақ сыныбы ашылды. Бұл туралы Түмен облысындағы қазақтардың ұлттық-мәдени автономиясының президенті Есенғали Ыбыраев Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Қазақ тілінен алғашқы ашық сабаққа 40 оқушы, ата-аналары мен туыстары келді. Сыныпқа оқушы қабылдау жалғасып жатыр», - деді Түмен облысындағы қазақтардың ұлттық-мәдени автономиясының президенті Есенғали Ыбыраев.
Айта кету керек, Голышманов ауданында екі мыңға жуық қазақ тұрады.