Кешенді қала құрылысына халықаралық жаңа стандарттар енгізіледі – ҚР ИИДМ

Azattyq Rýhy

Тұрғындардың қауіпсіздігі мен денсаулығы сияқты қағидалар ескеріледі

Фото ашық дереккөзден

Халықаралық тәжірибені ескере отырып, кешенді қала құрылысының жаңа стандарттары енгізілетін болады. Стандарт бос учаскелерде жаңа құрылыс кешендерін салу, бар құрылысты қайта құру және қала аумағын абаттандыру мәселелерін қамтиды. Бұл туралы Azattyq Rýhy Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Құрылыс үрдісі тұрғындардың қауіпсіздігі мен денсаулығы сияқты қағидаларды ескере отырып, жүзеге асырылатын болады.

Бас және егжей-тегжейлі жоспарларды сапалы әзірлеуді, сонымен бірге оларды іске асыруды қамтамасыз ету үшін барлық деңгейдегі қала құрылысы жобаларына бірыңғай қала құрылысы сараптамасын енгізу жоспарланып отыр.

Бірыңғай қала құрылысы сараптамасын енгізу сапалы жоспарлауды, бастапқы материалдарды кешенді тексеруді, қала жобаларын әзірлеу және келісу талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді деп күтілуде.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылы Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында «Адамдар – инфрақұрылымға» қағидатын сақтай отырып, агломерацияларды дамыту туралы Заң және кешенді қала құрылысының жаңа стандарттарын әзірлеуді тапсырған болатын. Бұл, ең алдымен, қала құрылысына, қала құрылысы сараптамасы институтына, құрылыс саласында online-есепке алу мен тіркеуге жаңа стандарттарды енгізу.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.