Ол полиция мен көршілердің ескертулеріне құлақ аспаған
Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға әйелдің ата-ана құқықтарын шектеу мәселесін қарау үшін материалдар жіберіледі, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Бұқар жырау көшесіндегі үйдің тұрғыны көршілері спирттік ішімдіктер ішіп, шу шығарып жатқаны туралы полицияға арызданған.
«Полиция келгенде пәтер иесі мен қонақтар темекі шегіп, шу шығарған. Полицейлер пәтерде екі жасар баласы бар ананы анықтады. Олардан басқа, пәтерде бірге отырып ішімдік ішкен басқа да күмәнді адамдар болған. Пәтердің іші лас және балаға қажет азық-түлік болмаған», - деді Павлодар қаласы ПБ Орталық полиция бөлімінің ювеналдық полиция аға инспекторы Гауһар Рахымғожина.
Әйел адам уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына жеткізілді, ал бала «Балалар үйіне» орналастырылды. Ол ішімдік іше бастаған, ұлын тәрбиелеуден бас тартып, полиция мен көршілердің ескертулеріне құлақ аспаған.
Бұған дейін ол кәмелетке толмаған баланы дұрыс тәрбиелемегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғандықтан, бұл жолы ҚР ӘҚБтК 127-бабының 2-бөлімі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Материал сотқа қарау үшін жіберілді.
Айта кету керек, биыл полиция қызметкерлері 55 заңды өкілді анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты.