$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ҚР АШМ азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспарын таныстырды

Онда 31 іс-шараны орындау көзделген

ҚР АШМ азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспарын таныстырды

Ауыл шаруашылығы министрлігі әзірлеген 2022-2024 жылдарға арналған азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспары мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың барлық негізгі бағытын қамтымақ. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Үкімет отырысында мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Министр азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін үш өлшемшарт айқындалғанын айрықша атап өтті. Бірінші өлшемшарт –азық-түлікке физикалық қолжетімділік. Екінші өлшемшарт – азық-түліктің экономикалық қолжетімділігі. Үшінші өлшемшарт – тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі.

«Онда 31 іс-шараны орындау көзделген. Жалпы, 18 іс-шара бойынша негізгі орындаушы Ауыл шаруашылығы министрлігі, 5 іс-шара бойынша – Сауда және интеграция министрлігі болып саналады, 2 іс-шарадан Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне және жергілікті атқарушы органдарға, 1 іс-шарадан денсаулық сақтау, энергетика, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, ұлттық экономика министрліктеріне айқындалған», - деді министр.

Өз кезегінде ауыл шаруашылығы министрлігі үш жыл ішінде майлы дақылдар алаңдарын 3 млн гектардан 3,5 млн гектарға дейін, картоп алаңдарын 200 мың гектардан 215 мың гектарға дейін, жемдік дақылдарын 3,6 млн гектардан 4,2 млн гектарға дейін ұлғайту жолымен өсімдік шаруашылығында әртараптандыру жүргізбек.

«Сондай-ақ, үш жыл ішінде ірі қара мал саны 9 млн басқа дейін, ұсақ мал 20,1 млн басқа дейін, жылқы 4 млн басқа дейін және т.б. ұлғайтылады. Картопты, көкөніс пен жеміс сақтау жөніндегі инвестициялық жобаларды іске асыру 2022 жылы сақтау қуатын 98,3 мың тоннаға, 2023 жылы – 104,5 мың тоннаға, 2024 жылы 19,6 мың тоннаға арттыруға мүмкіндік береді» - деді ведомство басшысы.

Екінші бөлім халықтың азық-түлік тауарларына тұтыну шығыстарының үлесін төмендету және бағаларды тұрақтандыруға бағытталған.

Ал үшінші бөлім тұтынушыларды қауіпсіз өніммен қамтамасыз ету бойынша 4 жедел және 3 орта мерзімді іс-шараларды іске асыруды көздейді.

Серіктес жаңалықтары