Видеоны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ұсынды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматы қаласы Алатау ауданы экс-әкімі Шахмерден Рыспаевтың ұсталған сәті түсірілген видеоны жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Алматы қаласы Алатау ауданының бұрынғы әкімі қамауға алынғанын хабарлаған едік. Алатау ауданының әкімі, оның орынбасары, сондай-ақ осы аудан әкімі аппаратының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысын жемқорлық ісі бойынша қылмыс жасады деген күдікке ілінген.