Kaspi мен Қайрат Сатыбалды байланысы: Ломтадзе түсініктеме берді

Автор: Azattyq Rýhy

Ол 2015 жылдан 2018 жылға дейін Kaspi акционерлерінің бірі болған еді

Фото: ашық дереккөзден

Kaspi.kz басшысы Михаил Ломтадзе Қайрат Сатыбалдыны банкпен байланыстырғандарға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Бізде бұл туралы клиенттердің сұрақтары болған жоқ. Бірақ біздің жауларымыз бұл фактіні пайдаланып, жағдайға бізді де қосып айтуға тырысатынына сенімдімін. Сондықтан мен алдын ала түсініктеме бергім келеді. Қайрат Сатыбалдының 4 жыл болды Kaspi-ге қатысы жоқ. Ол 2015 жылдан 2018 жылға дейін Kaspi акционерлерінің бірі болған еді», - деді Ломтадзе.