Қайрат Cатыбалдының қаңтар оқиғасына қатысы бар ма – Антикор жауабы

Azattyq Rýhy

Қазір «Қазақтелеком» компаниясының Алматы және Нұр-Сұлтан қаласындағы ғимаратында тінту жүргізіліп жатыр

Фото: ашық дереккөзден

Кеше ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған Қайрат Сатыбалдыұлының қаңтардағы оқиғаға қатысы бар ма? Бұл сұрақтың жауабын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектенов айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Оның бәрі тексеріліп жатыр. Әзірше ешқандай ақпарат бере алмаймыз. Бұған дейін хабарланғандай, аталған жағдайға және мемлекеттің қауіпсіздігіне қаншалықты қатысы бары анықталып жатыр. Қазір «Қазақтелеком» компаниясының Алматы және Нұр-Сұлтан қаласындағы ғимаратында тінту жүргізіліп жатыр», - дейді Олжас Бектенов.

«Қазақтелеком» компаниясының акциялары бүгін KASE сауда-саттығында бір акция үшін 3,25%-ға 29 510 теңгеге дейін арзандаған.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.