Павлодар облысында 21 жолаушысы бар автобус қар құрсауында қалды

Автор: Azattyq Rýhy

Жолаушылардың ешқайсысына медициналық көмек қажет болмады

Фото: ТЖД

Екібастұзда Қарағанды облысына қарай бағытта өтетін айналма жолда, Бозшакөл ауылынан 15 шақырым жерде жолаушылар көлігі қар құрсауынан шыға алмай қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл туралы облыстық ТЖД департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті. 

«ТЖ департаменті мен «Қазақавтожол» ЖШС қызметкерлері жолдың тазартылған учаскесіне қар құрсауынан Volvo автобусын алып шықты», - деп хабарлады өңірлік ТЖД баспасөз қызметінде. 

Автобус Қарағанды-Омбы бағыты бойынша жолға шыққан. Volvo көлігінде 21 жолаушы болды, оның сегізі - Ресей Федерациясының азаматтары. 

Жолаушылар Шідерті кентіндегі жылыту пунктіне жіберілді. Олардың ешқайсысына медициналық көмек қажет болмады.