Ресей күштері Украинаның батысындағы қалаларды да атқылап жатыр
Қаза тапқандар мен жапа шеккендер туралы ақпарат жоқ
Ресей күштері Украинаның өзге де қалалары мен ауылдарын атқылауды жалғастырып жатыр, деп хабарлады "Хабар24".
Украина әскері мен Аумақты қорғау жасақтары Ресей әскеріне табанды қарсылық көрсетуде. Осы ретте АҚШ Қорғаныс министрлігі Ресей әскері Украинаның батысында да ірі әскери қимылдарға көшуі мүмкін деп жариялады. Себебі Луцк пен Ивано-Франковск қалаларының әуежайлары соққының астына алынған.
Қаза тапқандар мен жапа шеккендер туралы ақпарат жоқ.
Ал Ұлыбритания Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, Ресей күштері Украинаның шығысындағы Мариуполь мен Харьков қаласынан шығып жылжыған Украина күштерін қоршауға алуға тырысқан. Мариупольдің өзінде өте ауыр гуманитарлық жағдай қалыптасқан. Ресей әскерилері қаланы бомбалауды жалғастырып жатыр. Шаһарда 400 мыңнан аса тұрғын қалып отыр.