Антикор Қайрат Сатыбалдыұлының ұсталғаны туралы мәлімет таратты

Автор: Azattyq Rýhy

Оның мемлекет тұтастығына қауіп төндіретін қылмыстарға қатысының бар-жоғы анықталып жатыр

Forbes.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Қазақтелеком» АҚ-ның қаражатын талан-таражға салу, қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану деректері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады деп хабарланды Антикордың Telegram-каналында.

Аталған қылмыстық іс бойынша басты күдікті ретінде Қайрат Сатыбалды ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамалған. Оның мемлекеттің тұтастығына қауіп төндіруі мүмкін өзге де қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Тергеу ісінің құпиялығына байланысты әзірге өзге ақпарат айтылмады.

Еске салайық, Қаңтар оқиғаларынан кейін Қайрат Сатыбалдыұлының ұсталғаны туралы қауесет тарап, құзырлы органдар бұл ақпаратты артынша жоққа шығарған еді.