Мәжілістің тағы бір депутаты мандатынан бас тартты

Автор: Azattyq Rýhy

Депутаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным ҚР Парламентінің Мәжілісіне енгізілді

 
Фото: inform.kz

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Владимир Тохтасунов Орталық сайлау комиссиясына өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтініш берді,  деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабына, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» 1995 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 24-бабы 3 және 8-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Владимир Имтахунович Тохтасуновтың өтініш беруіне байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіз туындады деп белгіленсін.

2. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты В.И. Тохтасуновтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілсін», - делінген ОСК баспасөз хабарламасында.

Депутат В.И. Тохтасуновтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілді.

Айта кетсек, Тохтасунов Владимир Имтахунұлы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғатты пайдалану жөніндегі комитетінің мүшесі.