Қазір компания рейстерді жедел қалпына келтіру үшін мүдделі тараптармен бірлесіп жұмыс істеуде
Air Astana Ресейге ұшатын барлық рейсті тоқтатты. Бұл туралы әуе компаниясының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Air Astana Ресей Федерациясына және сол жақтан келетін коммерциялық рейстерді сақтандыру өтелімінің тоқтатылуына байланысты Ресейге қатынайтын және оның әуе кеңістігі арқылы ұшатын барлық рейсті тоқтатады», - делінген әуе компаниясының хабарламасында.
Қазіргі уақытта компания рейстерді жедел қалпына келтіру үшін мүдделі тараптармен мәселені бірлесіп шешуде. Тоқтатылған рейстердің жолаушылары авиабилетті сатып алу орны бойынша авиабилет құнын толық қайтаруды ресімдей алады.