$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.01.2020, 11:49
Жаңалықтар

Түркістан облыстық балалар ауруханасының бұрынғы бас дәрігері қамауға алынды

Ол екі жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Түркістан облыстық балалар ауруханасының бұрынғы бас дәрігері қамауға алынды
Фото: vera.kz

Түркістан облыстық балалар ауруханасының бұрынғы бас дәрігері Әнуарбек Маймақов қамауға алынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Vera.kz-ке сілтеме жасап.

Санкцияны Шымкент қаласының тергеу соты шығарған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүргізген соталды тергеу нәтижесінде медицина ғылымдарының кандидатына сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленді және қаражат жымқырды деген айып тағылып отыр.

«Әнуарбек Маймақов облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері қызметін атқарған кезде екі адвокатпен келісімшарт жасалып, олардың біріне 400 мың, екіншісіне 280 мың теңге төленген. Дегенмен, адвокаттар ешқандай қызмет көрсетпеген», дейді Маймақовтың адвокаты Сапар Әміров.

Маймақов екі ай үй қамауында болады. Ал тағылған айыптар дәлелденсе, ол екі жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары