Қызылордада микроавтобус пен жеңіл көлік соқтығысып, 16 адам зардап шекті

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр

Фото ашық дереккөзден

Қызылордада жолаушылар отырған микроавтобус Toyota Camry автокөлігімен соқтығысып, салдарынан 16 адам зардап шекті. Бұл туралы облыстық полиция басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қызылорданың Полиция басқармасы өкілдерінің мәліметінше, оқиға 11 наурызда Желтоқсан және Қорқыт ата көшелерінің қиылысында болған. 

"Mercedes Benz микроавтобусы Toyota Camry-мен соқтығысты. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, қажет сараптама тағайындалды", - дейді полиция өкілдері. 

Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен 16 адамның жетеуі - бала.