Оқиға Талғар ауданындағы елдімекендердің бірінде болды
Алматы облысында бір айдан кейін үйіне қайтып оралған вахташы әйелін өлтірді. Бұл туралы Талғар аудандық полициясы мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға Талғар ауданындағы елдімекендердің бірінде болды. Отағасы іссапардан келгенде әйелінің мас болып жатқанын, ал балалары аш-жалаңаш отырғанын көрген. Ер адам әйелін көзіме шөп салдың деп айыптап, жанжал шығарған. Сосын оны қатты соққыға жыққан. Әйел облыстық ауруханаға жеткізіліп, есін жимастан көз жұмды.
"Ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексінің 106-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Талғар аудандық полициясы.
Ведомство қылмыстық істі жан-жақты және объективті тергеу үшін мұндай жағдайда қажетті барлық сараптама тағайындалғанын атап өтті.