Қостанай облысында мал ауруы өршіп тұр

Автор: Azattyq Rýhy

Әзірге мал қырылғаны туралы ешқандай мәлімет тіркелмеген

Фото ашық дереккөзден

Қостанай облысындағы Жанкелдин ауданында белгісіз мал ауруы асқынып тұр. Тұрғындар мен санитар дәрігерлер оны аусылға ұқсатады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ауырған малдың сілекейі шұбырып, аузының іші ойылып, жем-шөбін жей алмай қалады. Індеттің белгілері былтыр қараша айында байқалған. Содан бері нақты диагноз қойылмапты. Мал дәрігерлері ауру малдан сынама алып, елордадағы сараптама орталығына жіберген. Бірақ жыл басынан бері оның қорытындысы жоқ. Індет 200-ге жуық төрт түліктен анықталған. Әзірге мал қырылғаны туралы ешқандай мәлімет тіркелмеген.

«Біз бұл аурудың бар екенін жасырмаймыз. Бұл күз айларынан бері алғашқы белгілері білінді. Ол аусыл болуы мүмкін, визикулярный дерматит болуы мүмкін. Вирустық диарея деген ауру бар. Сол болуы мүмкін. Олар бір-біріне ұқсас болады. Бүгінгі таңда Қостанай облысында аусыл жоқ. Өйткені лабораториялық зерттеумен ешқандай дәлелденбеген. Бүгінгі қолымызда ешқандай анализдің қорытындысы жоқ. Ауырған малға емдік шаралар жүргізіліп жатыр. Олар жазылып жатыр», - деді Қостанай облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Бауыржан Бекет.