10.03.2022, 21:49
Жаңалықтар
Қостанайда өндірістік кооператив атын жамылған қаржы пирамидасы анықталды
Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр
Фото ашық дереккөзден
Қостанайда өндірістік кооператив атын жамылған қаржы пирамидасы анықталды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҚМА мәліметінше, қаржы пирамидасы GAP кооперативі ретінде жеке тұлғалардан 30 мың теңгеден 480 мың теңгеге дейінгі сомада ақша жинау ұйымдастырған. Сол арқылы кіріс алған.
Қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар активтерді қайта бөлу арқылы кейбір қатысушыларды басқаларының есебінен байытқан. Ұйым кеңселерінен кооператив қызметі туралы жарнамалық брошюралар, салымшылардың тізімі, кооператив пен салымшылар арасында жасалған электрон форматтағы шарттар табылған.
Тергеу жалғасып жатыр, тергеу мүддесіне сәйкес басқа мәлімет жарияланбайды.
Көп оқылған
27.07.2026, 14:47
Әзербайжанда 16 жастағы бойжеткен 12 жастағы сіңлісін пышақтап өтірді
27.07.2026, 11:55
«Төрт ай төсекке таңылып жаттым»: Алла Пугачева ауыр жарақаты туралы алғаш рет ашық айтты
27.07.2026, 13:12
Емханаларда жаңа тәртіп: кейбір дәрігерлерге жолдамасыз қаралуға болады
27.07.2026, 16:06
36 дропперлік топ 113 млрд теңгені өткізген: ҚМА басшысы Тоқаевқа сұмдық жағдайлар туралы есеп берді