Биылғы форум «Дипломатияны қайта кодтау» тақырыбында өтеді
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркияның Анталия қаласына ұшып барды. Бұл туралы Тұңғыш Президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Нұрсұлтан Назарбаев Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның шақыртуымен дипломатиялық форумға қатысу үшін Анталияға ұшып келді» деп жазды Айдос Үкібай.
Оның айтуынша, Анталия дипломатия форумы - ғаламдық және аймақтық өзекті мәселелер бойынша пікір алмасатын дискуссиялық алаң. Биылғы форум «Дипломатияны қайта кодтау» тақырыбында өтеді.