Ақтаудағы қонақ үйден төгілген су теңізге қауіп төндірді

Автор: Azattyq Rýhy

Экологтар су құрамында нитрат пен хлоридтің қалыпты мөлшерден көп екенін анықтаған

Фото ашық дереккөзден

Ақтаулық экологтар теңізге және Қаракөлге төгіліп келген сарқынды су құрамында нитрат пен хлоридтің қалыпты мөлшерден тым көптігін анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Жағажайдағы кешенге тиесілі құбырдан Каспийге лас су ағып тұрғаны бұған дейін де айтылған. Кейін қонақ үй әкімшілігі әлгі құбырды алып тастады. Ал Қаракөлге шығатын екінші құбырды қазу жұмыстары әлі аяқталған жоқ. Экологтар екі жерден де сынама алып, зертханада тексерген. Табиғатқа залал келтірген серіктестікке 6 бірдей әкімшілік хаттама толтырылды. Уәкілетті органға қызметтік хат жолданған.

«Заңды түрде олар рұқсатын алған. Талаптарды сақтамағандығы бойынша қазір әкімшілік жауапқа тартылып отыр. Олардың 2021 жылдан бастап биологиялық тазарту кешені жұмыс жасамағаны анықталды. Содан жобадан ауытқушылықтар болып тұр. Рұқсатын тоқтатуды талап етейін деп отырмыз», - деді өңірлік экология департаменті басшысының орынбасары Айдос Жүсіпов.